Яна Легкодимова ісі бойынша өмір бойына сотталғандар "Қара бүркітке" жеткізілді

Бүгін, 11:44 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/legkodimova

Марқұм Яна Легкодимованың өліміне қатысты өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов осы аптада №39 "Қара бүркіт" мекемесіне ауыстырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, бұған дейін "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған. Қор өкілдері Хайржанов пен Катимовтың №39 мекемеде емес, Қостанайдағы №76 мекемеде отырғаны туралы ақпаратты растауды сұраған.

Бұған дейін комитет сотталғандардың жазасын сот үкіміне сәйкес өтеп жатқанын хабарлағанымен, олардың нақты қай мекемеде отырғаны қоғамда сұрақ тудырған еді.

Осы аптада екі сотталушы да өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейтін №39 "Қара бүркіт" мекемесіне жеткізілді.

Айта кетейік, Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Тэгтер:

Яна Легкодимова