Жігер Ауыпбаевтың жазбасы көптің ашуына тиді

Бүгін, 16:34 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші аруға үйлену туралы ұсыныс жасағанын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі сүйіктісіне сөз салған сәттен фотосуреттер жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

«Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді… Мен іздегенімді таптым. Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым. Ол – “Иә” деді», – деп жазды әнші.

Алайда бұл жаңалық желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік оның бұрынғы некесінен төрт баласы бар екенін еске салып, алғашқы отбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

Желіде: «Өмір бойы өз адамыңды іздесең, неге бірінші әйеліңмен төрт бала сүйдің?», «Бірінші әйеліңді де сүйемін деп үйлендің ғой», «Біреудің өмірін құртып барып бақытыңды таптың ба?», «Бірінші әйеліне жаным ашиды» деген сарындағы пікірлер жазылды.

Әзірге әнші аталған пікірлерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Тэгтер:

әнші отбасы әйел Жігер Ауыпбаев