Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін Бразилия мен Жапония кездеседі

Бүгін, 17:50 / Ахмет Қанатұлы
FIFA

Футбол жанкүйерлері асыға күткен әлем чемпионатының плей-офф кезеңі қыза түсті. Алдағы күндері жанкүйерлерді бірнеше тартысты матч күтіп тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.

29 маусым күні турнир аясында Бразилия мен Жапония құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де Хьюстон қаласындағы NRG Stadium аренасында өтеді.

Бұл ойын плей-офф кезеңіндегі маңызды кездесулердің бірі болмақ. Қос құраманың жеңімпазы келесі айналымда Кот-д’Ивуар немесе Норвегия құрамаларының бірімен кездеседі.

Бразилия құрамасы әлем чемпионаттарындағы тәжірибесі мол команда саналса, Жапония соңғы жылдары қарқынын күшейтіп, кез келген қарсыласқа оңай шағылмайтынын көрсетіп жүр. Сондықтан бұл матчта жанкүйерлерді тартысты ойын күтіп тұрғаны анық.

Бразилия – Жапония кездесуін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Тэгтер:

футбол әлем чемпионаты