Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын "Союз МС-29" кемесінің негізгі экипажы Байқоңырға келді. Енді ғарышкерлер ұшар алдындағы қорытынды дайындықты ғарыш айлағында өткізеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Роскосмос" мәліметінше, 29 маусым күні Байқоңырға NASA ғарышкері Анил Менон, сондай-ақ "Роскосмос" ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина жеткен. Олар 14 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшады.
Қазақстанға негізгі экипажбен бірге қосалқы құрам да келді. Қосалқы экипажда NASA ғарышкері Дениз Бёрнхем, "Роскосмос" өкілдері Дмитрий Петелин мен Константин Борисов бар.
Бұған дейін экипаж мүшелері Ресейдегі Ғарышкерлерді дайындау орталығында қажетті дайындықтан өткен. Енді олар Байқоңырда соңғы жаттығуларын пысықтап, ұшу алдындағы рәсімдерден өтеді.
"Союз МС-29" кемесі үш ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.