Түркістанда қыз алып қашпақ болған жігіттер полицияға ұсталды

Бүгін, 10:34 / Ахмет Қанатұлы
pexels.com

Түркістан облысында қыз алып қашу әрекетіне қатысты оқиға тексеріліп жатыр. Жергілікті «Отырар» телеарнасының мәліметінше, екі жігіт отырған Kia автокөлігін полиция жол бойында тоқтатқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тәртіп сақшылары көлік ішінде отырған бойжеткеннің қолын бұлғап, көмек сұрағанын байқаған. Күдік тудырған автокөлік тоқтатылған сәтте қыз салоннан жүгіріп шығып, полицейлерден көмек сұраған.

Осы жағдайдан кейін полиция некеге тұруға мәжбүрлеу дерегі бойынша іс қозғады. Алайда кейін бойжеткен көліктегі жігітпен бұрыннан кездесіп жүргенін, араларында жанжал болғанын айтқан.

Қыз жігітке қатысты арыз жазудан бас тартты. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Түркістан облысы