БҚО-да алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды

Бүгін, 20:13 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды. Олардың банк шоттары арқылы 4 млн теңге өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот шешімімен 19 жастағы колледж студенттері үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Олар мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробация қызметінің есебінде болады. Талаптарды орындамаған жағдайда бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберіледі.

Жалпы соңғы бес айда алаяқтар дропперлердің көмегімен 400 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Заң күшіне енген күзден бері 700-ден астам қылмыстық іс тіркеліп, 216 дроппер жауапкершілікке тартылды. Оның 202-сі сотталды.

Тэгтер:

сот БҚО студент жас