ҰҚК Жақсылық Омарға қатысты жаңа деректерді жария етті

Бүгін, 14:58 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істің мән-жайын жариялап, оның үйінде жүргізілген тінтудің видеосын көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство мәліметінше, экс-әкім қызметтік өсуге ықпал ету сылтауымен қарамағындағы қызметкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалаған деген күдікке ілінген. Тергеу дерегіне сәйкес, ақша беруден бас тартқан қызметкерлер жұмыстан шығарамыз деген қысымға ұшыраған.

ҰҚК хабарлауынша, талап етілген ақшаның бір бөлігі құқық қорғау органдарының бақылауымен берілген. Осыдан кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, ақша қаражаты тәркіленген.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Жақсылық Омар өз кінәсін мойындаған. Кейін сот оны 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Тэгтер:

әкім Жақсылық Омар бопсалау орынбасар