Жантүршігерлік апаттан полицей қаза тапты

Бүгін, 14:09 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Қайғылы жағдай Түркістанда болған. Салдарынан патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бауыржан Қонысбеков мерт болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде тараған видеодан соқтығыстың қатты болғаны байқалады. Салдарынан екі полиция көлігі зақымданған. Олардың бірінің алдыңғы бөлігі толықтай жарамсыз күйге түскен.

Плицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан. Әзірге жол апатының нақты қалай болғаны және кімнің кінәлі екені белгісіз. 

Тэгтер:

көлік апат полицей марқұм