Астанада LRT рельсінен өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 14:35 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Астанада Сығанақ көшесіндегі Astana LRT жолында өрт шықты. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

ТЖД мәліметінше, электрмен жабдықтау желісі тоқтан ажыратылғаннан кейін өрт сөндірушілер Vario Carbon автономды арқаға асатын өрт сөндіргішінің көмегімен жалынды сөндіруге кіріскен.

Өрт аумағы 1 метрді құрады.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді.

Тэгтер:

өрт LRT