63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

Бүгін, 15:38 / Arasha.kz
Сурет: Dala News

Әзербайжанда 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанып, дені сау сәбиді табиғи жолмен дүниеге әкелді, деп хабарлайды Arasha.kzDalaNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Баку қаласындағы республикалық ауруханалардың бірінде тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, егде жастағы әйел ешқандай ота жасатпай, сәбиді табиғи жолмен босанған.

Медициналық мекеме өкілдерінің мәліметінше, әйелдің есімі - Хагигат. Ол жуырда 63 жасқа толған. Ең таңғаларлығы - әйел осы уақытқа дейін 40 жыл бойы сәби сүйе алмай келген.

Науқастың емін жүргізген дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Натиг Магеррамов бұл жағдайды ерекше медициналық оқиға ретінде бағалап отыр. Оның айтуынша, ана мен нәрестенің қазіргі жағдайы жақсы.

Дәрігер бұған дейін бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына себеп болған.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар медицина саласында өте сирек кездеседі. Сондықтан 63 жасында алғаш рет табиғи жолмен босанған әйелдің оқиғасы жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Тэгтер:

#Қоғам #Жаңалық #Зейнеткер ана атанды #Резонанс #Перзентхана