Рөлде ұйықтап кеткен әйелдің кесірінен 27 бала мінген автобус аударылды

Бүгін, 16:51 / Ахмет Қанатұлы
fontanka.ru

Ресейдің Краснояр өлкесіне қарасты Минусинск ауданында балалар мінген автобус жол жиегіне аударылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Interfax мәліметінше, жол апатынан бір әйел мен 15 жастағы жасөспірім жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Полиция дерегінше, апат болған сәтте автобустың ішінде 27 бала болған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Hyundai маркалы автобус балалар лагерінен қайтып келе жатқан. Жолдың 32-шақырымында қарсы бағытқа Kia Sportage көлігі шығып кеткен.

Қақтығыстың алдын алу үшін автобус жүргізушісі рульді оңға бұрған. Соның салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Ал Kia Sportage көлігін басқарған әйел полицияға рөлде отырып ұйықтап кеткенін айтқан.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

ресей