Мұхтар Жәкішев шетелдіктермен құда болды

Бүгін, 17:48 / Arasha.kz
Сурет ЖИ арқылы жасалған

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева шетелде тұрмыс құрды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Arasha.kz, Ult.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, Алтынай Жәкішева қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол некесін Ұлыбритания астанасы - Лондонда қиған.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, жас келін тұрмысқа шыққаннан кейін өзінің енді ресми түрде жаңа мәртебеге өткенін айтып, фамилиясына қатысты да өзгерісті көрсеткен. Ол жазбасында енді өзін «Mrs. OJ» деп атауға болатынын жеткізген.

Айта кетейік, Мұхтар Жәкішев - Қазақстандағы атом өнеркәсібін ұзақ жылдар басқарған танымал тұлғалардың бірі. Оның отбасы қоғам назарынан тыс қалмайды.

Ал қызының шетелде шаңырақ көтеруі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Тэгтер:

#Лондон #Мұхтар Жәкішев #Қазатомөнеркәсіп #атом өнеркәсіб #Шетел азаматы #Шетелдік құдалар