Роза Рымбаеваның келіні отбасындағы үлкен жаңалықты жариялады

Бүгін, 18:51 / Arasha.kz
сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал әнші Роза Рымбаеваның келіні, тележүргізуші әрі блогер Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы ерекше қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Ақеркенің айтуынша, оның 18 жастағы інісі Ақсұңқар Алматы қаласынан жеке пәтер сатып алып, үлкен жетістікке жеткен. Бұл жаңалыққа қуанған блогер әсерлі жазба жариялап, отбасының жүріп өткен жолын еске алды.

«Бүгін жүрегім ерекше толқып тұр. Інім Ақсұңқар 18 жасында Алматыдан өз пәтерінің иесі атанды», - деп жазды ол.

Сонымен қатар Ақерке бұл жетістік жай ғана баспана алу емес, ата-анасының жылдар бойғы еңбегі мен балалары үшін жасаған қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

«Бұл - жай ғана баспана емес. Бұл - ата-анамыздың адал еңбегінің, төзімінің, дұғасының жемісі. Әкеміздің арманының жалғасы. Анамыздың ешқашан мойымаған қайсарлығының нәтижесі», - деді Ақерке Бүркітбай.

Ол жазбасында өмірден өткен әкесінің арманы орындалып жатқанын айтып, анасына алғысын білдірген. Сондай-ақ інісіне жаңа қонысының құтты болуын тілеп, отбасы үшін бұл күннің ерекше мәнге ие екенін жеткізді.

Тэгтер:

#Алматы #Шоу бизнес #Роза Рымбаева #Ақерке Бүркітбай