Жанар Айжанова екінші рет тұрмыс құру туралы ашық айтты

Бүгін, 20:48 / Arasha.kz
Сурет ашық дереккөзден алынған

Белгілі әнші әрі актриса Жанар Айжанова жеке өміріне қатысты көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі жақында берген сұхбатында екінші рет тұрмыс құруға қатысты өз ойын бүкпесіз айтып, өмірінде мұндай қадам жасауға қарсы болмағанын жеткізді. Оның айтуынша, жас кезінде отбасын қайта құрып, тағы бір бала сүйсем деген арманы болған.

«Реті келсе, ізін суытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Жас кезде шығып кеткен жақсы. Айжұлдыздан кейін тағы бір бала ерсе деп ойлағанмын. Бірақ ермеді. Маңдайға жазылғаны сол болып тұр ғой», - дейді ол.

Сондай-ақ Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбекова дүниеге келгеннен кейін бар уақытын бала тәрбиесі мен күнделікті тіршілікке арнағанын айтты. Әнші сол кезеңде жеке өмірден гөрі отбасының қамын бірінші орынға қойғанын жасырмады.

«Менде қорқыныш болған жоқ. Тағы бір гастроліме барып келейін, жұмыс істеп тастайын, үйімді үлкейтіп алайын, Айжұлдызды орнына қойып алайын деген секілді күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп қалдым. Бірақ артынан шығып қой тұрмысқа. Бірақ бермейтін нәрсені Құдай бермейді екен», - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің шынайы әңгімесін қызу талқылап, оның өмірлік ұстанымына қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Көпшілік Жанар Айжанованың бұл сұхбатын әйел тағдыры мен ана рөлін ашық көрсеткен шынайы әңгіме ретінде бағалады.

Тэгтер:

#ОТБАСЫ #Жанар Айжанова #көпшілікті қызықтырған сұрақ #Бала сүю