Әнші Мөлдір Әуелбекова халықтан қолдау сұрады

2 шілде, 2026 / Arasha.kz
сурет ашық дереккөзден алынған

Белгілі Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде күтпеген жағдайға тап болғанын айтып, көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Өнер иесі жуырда ғана қоныстанған жаңа үйін су басып қалғанын көрсетіп, оқырмандарына видео жариялаған. Оның айтуынша, үй ішін түгел су алып, енді жөндеу жұмыстарын қайтадан басынан бастауға тура келіп отыр.

Әншінің сөзінше, су үйдің еденіне толық жайылып, паркеттер жарамсыз болып қалған. Сонымен қатар үйдегі жиһаздарды да толықтай сыртқа шығаруға мәжбүр болған.

«Үйімді су басты. Еденнің бәрі су, паркеттің бәрін алып тастадық. Мебельдің бәрін шығарып тастадық. “Сабыр түбі сары алтын” деп, маған тағы да сабыр берсін деп тілеңіздер. Жап-жаңа үйіміздің осылай быт-шыты шықты», -  деді Мөлдір Әуелбекова.

Соған қарамастан әнші бұл жағдайға сабырмен қарап отырғанын айтып, әр нәрсенің қайыры бар екенін жеткізді. Сондай-ақ ол өзіне тілеулес жандардан қолдау білдіруді сұрады.

Желі қолданушылары да пікір қалдырып, әншіге моральдық қолдау көрсетіп жатыр. Көпшілік бұл жағдайды көз тиюмен байланыстырып, «бастысы өзіңіз бен балаларыңыз аман болсын» деген тілектерін жаудырған.

Тэгтер:

#Шоу бизнес #Мөлдір Әуелбекова # Қазақстандық әнші #Әнші