Жігер Ауыпбаев өзін қаралағандарға жауап берді

Бүгін, 09:20 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Жақында өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен шаңырақ көтерген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында Threads желісінде өздері туралы түрлі болжамдардың көбейгенін айтып, жұбайының жүкті екені жайлы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді. Оның сөзінше, кейбір қолданушылар тіпті ерлі-зайыптылардың “гендер пати” өткізгенін жазып, түрлі болжам жасап үлгерген.

“Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге де жетерміз. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Жұбайымның жүкті екенін менен артық ешкім білмейді. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Егер сондай қуанышты жаңалық болса, оны ең бірінші өзім бөлісемін”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленгенін жариялаған болатын. Осы жаңалықтан кейін әлеуметтік желіде олардың жақын арада ата-ана атанатыны туралы түрлі қауесеттер тарай бастаған еді. Алайда әнші бұл ақпараттарды жоққа шығарып, әзірге мұндай жаңалық жоқ екенін мәлімдеді.

Тэгтер:

той өнер отбасы Жігер Ауыпбаев