Абай облысында жерасты лифті күрт тоқтап, алты шахтер зардап шекті

Бүгін, 16:10 / Ахмет Қанатұлы
new_semey

1 шілде күні Абай облысындағы Орлов шахтасында жерасты лифтіне қатысты оқыс жағдай болды. Оқиға кезінде оның ішінде 15 жұмысшы болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

KAZ Minerals компаниясының хабарлауынша, төмен түсу кезінде стопорлардың бірі іске қосылып, лифт соған ілініп қалған. Соның салдарынан жерасты лифті күрт тоқтаған.

Медициналық көмекке алты шахтер жүгінді. Үшеуіне тексерістен кейін дене жарақаты диагнозы қойылып, үйлеріне жіберілген. Тағы үш адам Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда тексеруден соң олар да ауруханадан шығарылды. Қазір зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Оқиғаның себептері әзірге анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, техникалық ақау, адам факторы және басқа да ықтимал жағдайлар қарастырылуда. Тергеуді өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары қатысқан арнайы комиссия жүргізіп жатыр.