Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдының видеосы қызу талқыға түсті

3 шілде, 2026 / Arasha.kz
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әлеуметтік желіде актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мен актер Азамат Сатыбалды бірге түскен видео таралып, көпшіліктің қызу талқысына себеп болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, Жұлдыз Әбдікәрімова декреттік демалыстан кейін өнерге қайта оралмақ. Актриса жақын арада көрерменге жол тартатын жаңа спектакльде Азамат Сатыбалдымен бірге сахнаға шығады.

Алайда желі қолданушылары спектакльден бұрын актерлердің бірге түскен видеосына назар аударып, түрлі пікір қалдырған. Кейбір оқырмандар Жұлдыздың Азамат Сатыбалдымен сахнада жарасымды көрінетінін айтып, оны бұрынғы жұбайы Қайрат Нұртаспен салыстыра бастаған.

Желіде жарияланған пікірлер арасында:

«Қайратқа қарағанда Азаматпен көбірек жарасады»,
«Қазір Жұлдыздың өзі де үлкен деңгейге жетті»,
«Азаматпен қатар тұрғаны үйлесімді көрінеді» деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, аталған видео әлеуметтік желіде кең таралып, қазақстандық оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырып жатыр.

Тэгтер:

#Дау #Шоу бизнес #Пікір #Жұлдыз Әбдікәрімова #Азамат Сатыбалды #Қайрат Нұртас