Ербаян Мұхтардың өліміне кінәлілердің аты әлі аталған жоқ

Бүгін, 09:22 / Альфия Адамбек
Коллаж: әлеуметтік желі

Ербаян Мұхтардың әскерде ауыр жарақат алғанына 2,5 жыл өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ішкі істер министрлігі әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.

Кінәлі адамдардың аты-жөні 2,5 жыл өтсе де әлі айтылмай келеді.

Естеріңізге сала кетейік, әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар маусым айында қайтыс болды.

Ол Ұлттық ұлан қатарында міндетті әскери борышын өтеп жүріп, жұмбақ жағдайда басынан қатты жарақат алып,

әскерден мүгедек боп оралды.

2023 жылғы желтоқсанда әскери бөлім басшылығы Ербаян дәретханада басын «кафельге соғып, жарып алғанын» айтқан.

Ол төрт ай жансақтау бөлімінде жатты. Ербаянның туыстары мұны жазатайым оқиға болды дегенге сенбейді.

2020 жылдан бері Қазақстан армиясындағы әскери қылмыстардан шамамен 1,4 мың адам зардап шеккен. Оның 47-сі қаза тапқан.

Тэгтер:

әскер сарбаз марқұм Ербаян