Жол апатынан екі полицей көз жұмды

Бүгін, 13:28 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше қайғылы оқиға 3 шілдеде болған. 

«Қызметтік міндетін атқару барысында Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері көз жұмды. Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомство. 

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

апат ақпарат полицей