Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы тергеу қорытындысымен келіспейді

Бүгін, 16:42 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Жәбірленуші тарап істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етіп отыр. Олар тергеу барысында заңбұзушылық болғанын айтып, күдіктіге тағылған айыптардың бір бөлігі алынып тасталуы мүмкін деп алаңдайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Істің прокуратураға түскенін марқұмның ағасы мен отбасының адвокаты хабарлаған. Отбасы өкілдері іс материалдарымен танысып, тергеу нәтижелерімен келіспейтіндерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, тергеу барысында ұсынылған кейбір өтініштер қаралмаған, сондай-ақ іс материалдарында елеулі кемшіліктер бар.

«Іс материалдарын зерделегеннен кейін бізде бірқатар сұрақ туындады. Кейбір өтініштеріміз мүлде қаралмағанын білдік, бұған қоса тергеу барысында айтарлықтай кемшіліктер бар. Осы ескертулердің барлығын прокурорға жолданған шағымда көрсеттік», - деді адвокат. 

Жәбірленуші тарап прокуратурадан істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрап отыр. 

Тэгтер:

шымкент отбасы Нұрай Серікбай марқұм