63 жастағы әйел өз күшімен тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Бүгін, 14:32 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Әзербайжанның Баку қаласында 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанып, дені сау сәбиді табиғи жолмен дүниеге әкелді. Бұл туралы жергілікті медициналық мекеме мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, Хагигат есімді әйел бір ай бұрын 63 жасқа толған. Ол шамамен 40 жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Соған қарамастан, жүктілігі сәтті өтіп, республикалық ауруханада табиғи жолмен босанған.

Медициналық мекеме өкілдерінің мәліметінше, ана мен нәрестенің жағдайы жақсы.

Науқастың емдеуші дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Натиг Магеррамов бұл ерекше оқиға туралы бұған дейін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жазба жариялаған.

Дәрігерлер бұл жағдайды сирек кездесетін оқиғалардың бірі ретінде бағалап отыр.

Тэгтер:

Әзербайжан Баку