Қалаулымның экс-жүргізушісі Аша Матай депутаттыққа үміткер болды

Бүгін, 14:17 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал әнші әрі актриса Аша Матай Қазақстан халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші алдағы сайлау науқанына қатысатынын растады. Журналистер оның не себепті депутаттық мандатқа үміткер болғанын сұрағанда, бұл шешімін нақты саяси бағдарламамен емес, «жүрегімнің қалауы» деп түсіндірді.

Алайда баспасөз өкілдерінің сұрақтары мұнымен аяқталған жоқ. Журналистер Аша Матайдан соңғы рет қай заңды оқығанын сұраған кезде, әнші нақты жауап бере алмай, есіне түсіре алмады. Ол сұраққа түрлі сылтау айтып, әңгімеден тезірек кетуге тырысқаны әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас тудырды. Бірі Аша Матайдың саясатқа келуіне қолдау білдірсе, енді бірі депутаттыққа үміткер адамның заңнамадан хабары болуы керектігін айтып, сынға алды.

Айта кетейік, Аша Матай Құрылтай депутаттығына Қазақстан халық партиясы атынан ұсынылған. Оның кандидатурасына қатысты түпкілікті шешім сайлау процесі аясында белгілі болады.

Тэгтер:

#Қалаулым #Аша Матай #Сайлау #Депутат #Құрылтай