Бендер-Аббас портындағы қазақстандық аймақ АҚШ соққыларынан зардап шеккен жоқ – QazTrade

Бүгін, 10:15 / Ахмет Қанатұлы
AP Photo / ISNA / Razieh Pudat

QazTrade АҚШ-тың Иранға жасаған әуе соққылары Бендер-Аббас портындағы Қазақстан логистикалық терминал салу үшін алған аумаққа тиді деген ақпаратты жоққа шығарды. Компания мәліметінше, жалға алынған аумаққа соққы жасалмаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан Шахид-Раджаи портындағы, яғни Бендер-Аббастағы терминалды Иранмен жасалған BOT келісімі аясында салып жатыр. Жер 27 жылға берілген: оның екі жылы құрылысқа, ал 25 жылы терминалды пайдалануға арналған.

АҚШ-тың Иранға соққылары Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне жасалған шабуылдардан кейін болған. Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Бендер-Аббаста жарылыстар болғанын хабарлаған.

Тэгтер:

Иран АҚШ