Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевті қанша жылға соттауды сұрады?

Бүгін, 13:06 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ол Атырау облысы Жангелдин ауылында төрт адамды өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында сот жарыссөздері өтті. Мемлекеттік айыптаушы Сәрсемалиевті бірнеше бап бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

Екі және одан да көп адамды ерекше қатыгездікпен және пайдакүнемдік ниетпен өлтіру бабы бойынша прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын талап етті. 

Ірі көлемдегі ұрлық пен алаяқтық үшін алты жылдан, мал ұрлығы үшін төрт жыл және құжаттарды жойып, жасырғаны үшін 60 АЕК айыппұл сұралды.

Барлық баптарды қосқанда, мемлекеттік айыптаушы Сәрсемалиевке төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды өтінді.

Тэгтер:

қылмыс жаза Сұлтан Сәрсемәлиев кінә