“3 қыз, 2 ұл”: Бір отбасыда бесем дүниеге келді

Бүгін, 09:20 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласында бесем дүниеге келді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 6 шілдеде "Қайрағочтош" махалласының тұрғыны Наргиза Бекжанова көпұрықты жүктілік диагнозымен Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханаға түскен.

Кейін оған кесарь тілігі жасалған. Ота білікті акушер-гинекологтар, неонатологтар және реаниматолог мамандардың арқасында сәтті өткен. 

Дүниеге бесем аман-есен келген. Сәбилердің үшеуі – қыз, екеуі – ұл бала. 

Көп ұзамай анасы мен нәрестелер Республикалық ана мен бала денсаулығы орталығының Әндіжан облысындағы филиалына жеткізілген.

"Қазіргі таңда сәбилер мен анасының жағдайы жақсы, олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында", - делінген хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, өткен айда да осы орталықтың Әндіжан облыстық филиалында төртем дүниеге келген.

Тэгтер:

бала сәби нәресте Өзбектсан