Түркияда жұмыс істеп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Stan.kz дерегінше, Түркияда өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 15 маусым күні Анталия өңірінде болған.
Марқұм Түркиядағы қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, сол түні қыздың іші қатты ауырып, танысы оны ауруханаға жеткізуге шыққан. Алайда жолда көлік апатына ұшырап, қыз алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Оқиғадан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдықтың марқұмның отбасына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда, консулдық қызметкерлері құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге жәрдемдескен.
Қазіргі уақытта қыздың денесі туған жеріне жеткізілгені хабарланды. Оқиғаның мән-жайын Түркияның құқық қорғау органдары анықтап жатыр.