Жахан Отарғалиевтің үшінші некесі де аяқталды ма? Желіде жаңа жазба қызу талқылануда

Бүгін, 11:33 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Блогер Жахан Отарғалиевтің үшінші жұбайы Ақтолқын Сейіттің әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің назарын аударып, олардың отбасылық өміріне қатысты түрлі болжамдардың тууына себеп болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Алдымен Жахан Отарғалиев өзінің парақшасында:

«Қазір өзімді қайтадан жинап жүрмін. Маған уақыт беріңіздер», - деп жазды.

Сонымен қатар, Ақтолқын өзінің депрессиямен күресіп жатқанын да жасырмады.

«Депрессиям аяқталып, өз қалпыма қайта оралған кезде, мені осы күйге түсіргендердің бәрін Корвалол ішетін жағдайға жеткіземін, соған сенімді болыңыздар», - деп жазды ол.

Бұл жазбалардан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Жахан Отарғалиев пен Ақтолқын Сейіттің қарым-қатынасына қатысты түрлі болжам айта бастады. Алайда әзірге олардың ажырасқаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев бұған дейін әнші Балжан Бидашпен некеде болған. Кейін Ақтолқын Сейітке үйленген еді.

Тэгтер:

#Ажырасу #Шоу бизнес #ОТБАСЫ #Әзілкеш Жахан Отарғалиев #Балжан Бидаш