Тамызда қазақстандықтар неше күн демалады?

Бүгін, 11:40 / Ахмет Қанатұлы
Pakin Songmor/Getty Images

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалады. Бұл күндер сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін азаматтарға бес демалыс күні беріледі. Олардың барлығы жексенбі күндеріне түсіп отыр.

Биылдан бастап 31 тамыз демалыс күні болып саналмайды. Бұған жаңа Конституцияның күшіне енуі себеп. Өзгеріске сәйкес, Конституция күні енді 15 наурызда аталып өтеді.

Тамыз айында бірнеше кәсіби мереке бар. Айдың алғашқы жексенбісінде Теміржол қызметкерлері күні, екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні атап өтіледі.

18 тамызда Шекарашылар күні тойланса, айдың соңғы жексенбісі Шахтерлер күніне арналған.

Сонымен қатар 10 тамызда елімізде Абай күні аталып өтеді. Бұл дата 2017 жылдан бастап ресми мерекелік күн ретінде белгіленген. Осыған орай өңірлерде әдеби кештер, ғылыми конференциялар, поэзия оқулары және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тэгтер:

демалыс мереке тамыз