Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова депутаттыққа ұсынылды

Бүгін, 17:15 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

 Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты іс бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова депутат болуға үміткер атанды, деп хабарлайды Arasha.kz, Paryz.kz-ке сілтеме қалдыра отырып.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Айжан Аймағанова «Әділет» партиясының атынан Құрылтайға депутаттыққа ұсынылған.

Айжан Аймағанова 2024 жылы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы ретінде көпшілікке кеңінен танылды. Оның соттағы кәсіби ұстанымы мен дәлелдерді жүйелі жеткізуі қоғам назарын аударып, кеңінен талқыланған болатын.

Қазіргі уақытта оның кандидатурасы қоғамда қызу пікірталас тудырып жатыр. Бірі прокурордың кәсібилігін жоғары бағаласа, енді бірі оның саясатқа келуіне қатысты түрлі пікір білдіруде.

Тэгтер:

#Сайлау #Депутат #Құрылтай #Прокурор #Айжан Аймағанова