Вьетнамда туристік қайық аударылып, 15 адам қаза тапты

Бүгін, 11:41 / Ахмет Қанатұлы
vnexpress.net

Вьетнамның Фукуок аралы маңында туристер мінген қайық апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Қайықта Үндістаннан келген 32 турист пен экипаждың төрт мүшесі болған. Апаттан кейін 21 адам құтқарылып, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Қаза тапқандардың арасында 13 ер адам мен екі әйел бар.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына екі кеме және төтенше жағдайлар қызметінің 35 маманы жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайықтың аударылуына теңіздегі ірі толқындар мен қатты жел себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Вьетнам