Венесуэладағы жойқын зілзала: Қаза тапқандар саны 4000-нан асты

Бүгін, 13:29 / Ахмет Қанатұлы
Reuters.com

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 4 мыңнан асты. Соңғы мәліметке сәйкес, 16 740 адам жарақат алып, 17 907 тұрғын баспанасыз қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Боливар Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің айтуынша, табиғи апат салдарынан 190 ғимарат толықтай қираған. Тағы 856 нысанға елеулі зақым келген.

Құрбандар саны әлі де өсіп жатыр. Бұған дейін БҰҰ сарапшылары зілзаладан қаза тапқандар саны 10 мыңға дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Қазір Венесуэла билігі халықаралық құтқару топтарымен бірлесіп, ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Операция барысында 6 462 адам үйінді астынан құтқарылған.

Сондай-ақ 29 966 тұрғын ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем қабылдаған. Жалпы 86 794 зардап шеккен отбасыға көмек көрсетіліп, халыққа 9 766 тонна азық-түлік жеткізілген.

Құтқарушылар үйінділер астында қалған адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тэгтер:

жер сілкінісі