Катонқарағайда өткен "Ақтанымын Алтайдың" республикалық ақындар айтысының қорытынды кешінде Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманға автокөлік табысталды, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айтыс "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалі аясында, көрнекті ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жыр додасына еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын қатысып, Жүрсін Ерман қазылар алқасына төрағалық етті.
Марапаттау рәсімінде Шығыс Қазақстан жұртшылығы қазақ айтысының дамуына ұзақ жыл еңбек сіңірген ақынға құрмет көрсетіп, көлік мінгізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сыйды Жүрсін Ерманға деген халықтың ықыласы мен ұлттық өнерге көрсетілген ерекше құрмет деп бағалады.