18 жастағы Азаматтың денесі әлі табылмай жатыр: туыстары Каспийге «қазан тастау» ырымын жасады

Бүгін, 17:25 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Маңғыстау облысында туған күнінен кейін Каспий теңізіне батып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехан әлі күнге дейін табылған жоқ,, деп хабарлайды Arasha.kz.
 

Қайғылы оқиға Ақтау қаласынан шамамен 46 шақырым қашықтықтағы теңіз жағалауында болған.

Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде кеңінен тараған «қазан тастау» ырымын жасаған. Халық арасында бұл ырымға сәйкес, суға батып кеткен адамның денесі табылмай жатса, суға қазан тасталады. Сенім бойынша, қазан су ағынымен бірге қозғалып, марқұмның денесі жатқан жерге тоқтайды деген түсінік бар.

Алайда бұл ырымның ғылыми тұрғыдан дәлелденбегенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Азаматты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Желі қолданушыларының бір бөлігі туыстарына қолдау білдіріп, іздеу жұмыстарының сәтті аяқталуына тілек білдірсе, енді бірі мұндай ырымдарға қатысты түрлі пікірлерін жазуда.

Тэгтер:

#Суға кету #Жас бала #Іздеу жұмыстары #Маңғыстау облысы