Катардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бин Халифа Әл Танидің қайтыс болуына байланысты елде төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, 13 шілдеден бастап Катардағы министрліктер, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және мемлекетке қарасты құрылымдар жұмысын уақытша тоқтатады. Қызметкерлер 19 шілдеде жұмыс орындарына қайта оралады.
Аза тұту кезеңінде ел аумағындағы мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.
74 жасында дүниеден өткен шейх Хамад бин Халифа Әл Танимен қоштасу рәсімі ақшам намазынан кейін Дохадағы имам Мұхаммед бин Абд әл-Уаххаб мешітінде өтеді. Марқұмның денесі Лусаил зиратына жерленеді.
Шейх Хамад бин Халифа Әл Тани Катардың жетінші әмірі әрі Әл Тани әулетінен ел билігіне келген үшінші тұлға болған.