Аптап ыстық салдарынан ірі орман өрті шығып, жалын жүздеген гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Arasha.kz, Euronews.com-ға сілтеме жасай отырып.
Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі уақытқа дейін өрт шамамен 300 гектар орман алқабын қамтып, әрі қарай таралуын жалғастырған.
Тілсіз жаумен күреске жүздеген өрт сөндіруші, су шашатын екі ұшақ, тікұшақтар мен бақылау ұшағы жұмылдырылды.
Өрт салдарынан ірі автожолдардың біріндегі қозғалысқа шектеу қойылып, теміржол қатынасында да кідірістер тіркелді. Бұл демалыс маусымындағы жолаушылар ағыны ең жоғары кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.
Аталған ірі өрт Францияның астанасы Парижден шамамен 60 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Фонтенбло орманында болған.