Трамп Путин мен Зеленскийдің жақын арада кездесуі мүмкін екенін айтты

Бүгін, 10:41 / Ахмет Қанатұлы
REUTERS / Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің жуық арада келіссөз үстеліне отыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол Анкарада өткен НАТО саммиті аясында Зеленскиймен кездескеннен кейін айтты. Трамптың сөзінше, Ресей мен Украина басшылары да қарулы қақтығыстың тоқтатылуына мүдделі.

"Менің ойымша және үміттенемін, бұл жақын арада болады", – деді АҚШ президенті ықтимал кездесу туралы қойылған сұраққа жауап беріп.

Трамп соңғы апталарда Украинадағы соғысты реттеу бағытында белгілі бір ілгерілеу байқалғанын жеткізді. Ол екі тараппен де сөйлескенін және бейбіт келісімге қол жеткізуге мүмкіндік бар деп санайтынын айтты.

АҚШ президенті Зеленскиймен жүргізілген келіссөзден кейін Путинмен қайта сөйлесуді жоспарлаған. Бұған дейін Кремль өкілдері де Трамп пен Путиннің жақын уақытта тағы телефон арқылы байланысуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Сонымен бірге ықтимал кездесудің нақты күні мен өтетін орны әлі белгіленбеген. Трамптың айтуынша, бірнеше нұсқа талқыланғанымен, Мәскеудің келіссөз өтетін орын болуы күмәнді.

Тэгтер:

Дональд Трамп Владимир Путин Владимир Зеленский