Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртастың бірнеше қалада шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ерлі-зайыпты алдағы концерттерге қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен бірге түскен видеосын жариялады. Бейнежазбада актриса біреумен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп отырғанда, әншінің оның шашынан иіскеп, еркелеткені көрінеді.
"Шамамыз жеткенше бірге дамып, әрқайсымыз өз саламызда шығармашылығымызды тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Қолымыздан келгенше бір-бірімізді қолдап, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!" – деп жазды актриса.
Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың актер Азамат Сатыбалдымен лифтте түскен суреті әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырған еді. Бұл жолы актриса дәл сол жерде жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге видео жариялады.