Мейірман Шекеев Тамара Асарға шүйлікті

Бүгін, 13:47 / Альфия Адамбек
Коллаж: ult.kz

Заңгер Мейірман Шекеев әншінің жазған заңымен заңгер болып жүргім келмейді жейді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Заңгердің сөзінше, заң саласында білімі бар кәсіби маман ғана заң шығару керегін, әншінің депутат боп жүруіне қарсы екенін айтты. 

«Шымшық сойса да, қасапшы сойсын. Әншілер жазған заңмен заңгер болып жүргім келмейді. Ертең депутат болса, бәрі өзгеріп кетеді дегенге сенбеймін Қоғамдағы қанша өзекті мәселелер болды. Ал әншілердің осы жағдайға қатысты үн қатқанын естідіңіздер ме?», – деді заңгер. 

Естеріңізге сала кетейік, Халық партиясы әртіс Аша Матай мен Тамара Асарды Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынды. 

Тэгтер:

депутат заңгер Тамара Асар Құрылтай