Threads-те Гүлназ Панарбек есімді желі қолданушысының жазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол тіс емханасының әкімшісі жолдаған хабарламаны желіге жүктеді. Оның сөзінше, тіс емханасының дәрігері орыс тілінде сөйлейтіндіктен, өзімен аудармашы алып келуді сұраған.
“Мен басқа елде жүрсем толық түсіну үшін тілмаш алар едім. Қазақ елінде жүріп неге мен тілмаш алып баруым керек. Консультация құны 50 мың теңге, ал емдеу барысында 1млн теңге төлеймін және тілмаш алып барады екенмін! Біз сіздердің тілдеріңізді үйренуге талпынамыз да, сіздер біздің тілді үйренуге және сөйлеуге неге талпынбайсыздар ?”, - деп жазды Гүлназ Панарбек.
Желідегілер тіс емханасының бұл әрекетіне ашуланды. Емхананы “қазақ тілінің құнын түсірді” деп айыптап, ол жерден ем қабылдамауға шақырды.