Ақтөбеде танысын өлтіріп, мәйітін сөмкеге салып қоқыс алаңына апарып тастаған 62 жастағы ер адам 14 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Іс материалдарына сәйкес, биыл 21 ақпанда екі ер адам бірге ішімдік ішіп отырған кезде араларында жанжал туындаған. Үй иесі қонағын бірнеше рет пышақтап, салдарынан 55 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Осыдан кейін күдікті мәйітті үлкен жолақты сөмкеге салып, 24 ақпанға қараған түні шанамен қоқыс алаңына апарып тастаған. Күдікті сөмке тек 11 наурызда тұрғындардың назарын аударып, оқиға орнына шақырылған полицейлер оның ішінен мәйітті тапқан.
Сотталушы сот барысында өзін қорғану мақсатында әрекет еткенін айтқанымен, сот бұл уәжді негізсіз деп таныды.
Сот үкімімен ол 14 жылға сотталып, марқұмның туыстарына 2 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.