Англия – Аргентина: Әлем чемпионатының жартылай финалын қайдан көруге болады?

Бүгін, 16:24 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тартысты матч АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц Стэдиум» аренасында өтеді. Қос құраманың қайсысы жеңіске жетсе, әлем чемпионатының финалына жолдама алады.

Англия – Аргентина матчы қашан басталады?

Кездесу Қазақстан уақытымен 16 шілде күні сағат 00:00-де басталады.

Матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Англия Норвегияны қалай жеңді?

Англия құрамасы ширек финалда Норвегиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 36-минутында норвегиялық Андреас Шельдеруп есеп ашты. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында Джуд Беллингем таразы басын теңестірді.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. 93-минутта Беллингем екінші голын соғып, Англия құрамасын жартылай финалға алып шықты.

Аргентина Швейцариядан басым түсті

Аргентина құрамасы ширек финалда Швейцарияны қосымша уақытта 3:1 есебімен жеңді.

Кездесудің 10-минутында Алексис Макаллистер есеп ашқанымен, 67-минутта Дан Ндойе Швейцарияның қарымта голын соқты.

Қосымша уақытта аргентиналықтар қарсылас қорғанысын екі рет бұзды. 112-минутта Хулиан Альварес командасын алға шығарса, 120+1-минутта Лаутаро Мартинес матчтың нүктесін қойды.

Тэгтер:

футбол әлем чемпионаты Аргентина Англия