Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Бүгін, 17:49 / Ахмет Қанатұлы

2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары, деп хабарлайды Arasha.kz.

Есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.

Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі.

Пайдаланылатын отын түрлері бойынша:

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%). Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).

Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.