Бағдагүл емші Тамара Асар мен Аша Матайды қатаң сынға алды

15 шілде, 2026 / Алуа Әшірбекова
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Бағдагүл есімімен танымал емші әлеуметтік желіде жариялаған видеосында әнші Тамара Асар мен тележүргізуші Аша Матайға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz, bairaq_media-ға сілтеме жасай отырып.

Ол өз сөзінде Тамара Асардың Құрылтайға қатысуына қарсы екенін айтып, қоғам үшін нақты пайдасы жоқ адамдардың мұндай алаңда болмауы керектігін жеткізді.

«Дыбысыңды шығарма, Тамара Асар. Тілімді кессең де, бас кеспек жоқ. Қайдағы саған Құрылтай? Халық үшін бір нәрсеге тұра алмаған адамға ол жерге барудың қажеті жоқ. Ол жаққа барып не істейсің? Орындықты сасытасың ба? Ана екі келіншек, Аша Матай екеуің орындықты сасытуға бара жатырсыңдар ма? Ішіп-жеп, не жетпейді саған? Одан да қыдырып, әніңді айтып жүре бер», -  деді емші Бағдагүл.

Әзірге Тамара Асар мен Аша Матай бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірген жоқ.

Видеода айтылған пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Тэгтер:

#Саясат #Аша Матай #Сайлау #Құрылтай #Бағдагүл емші #Тамара Асар