«Семей орманы» өртеніп жатыр: өртті сөндіруге авиация тартылды

Бүгін, 13:34 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау бүгін сағат 09:45-те Бородулиха филиалына қарасты Қамышен орманшылығының 57-орамында тіркелген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы 24KZ мәлімдеді. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің 7 қызметкері, 1 автоцистерна, 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені, 1 трактор, ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 8 техникасы, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылған, – делінген министрлік хабарламасында. 

Өрт орнына қосымша күштер де жіберілді. Оның ішінде 2 автоцистерна, 2 трактор, 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені және 11 орман күзеті қызметкері бар. Сонымен қатар AS350 тікұшағы, 4 әуе өрт сөндіру десантшысы және Катон-Қарағайдан Ми-8 тікұшағы тартылуда.

Тэгтер:

өрт экология Семей орман