Динара Сәтжан: «Бағдагүл өз сөздері үшін сотта жауап береді»

Бүгін, 13:29 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында өзі “Ақтөбелік емші” деп атаған әйелге қатысты сот ісі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, бір ай бұрын сотқа талап арыз берілген. Ал бүгін Астана қаласында іс бойынша алғашқы сот отырысы өткен.

Динара Сәтжан сөз бостандығы әркімнің конституциялық құқығы екенін, алайда ол өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге жол бермейтінін атап өтті.

«Сөз бостандығы - бұл қорлау еркіндігі емес. Ол өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиеті аяқталған жерде тоқтайды», - деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші әлеуметтік желіде дауласудың орнына мәселені құқықтық алаңда шешуді жөн көретінін айтты.

«Сондықтан Бағдагүл өз сөздері үшін TikTok-та емес, сотта жауап береді», - деп жазды Динара Сәтжан.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл әлеуметтік желіде Динара Сәтжан туралы бірнеше рет сыни пікір айтып, олардың арасында дау туындаған болатын. Қазіргі уақытта іс сот қарауында.

Тэгтер:

#Динара Сәтжан #Бағдагүл #Тележүргізуші Динара Сәтжан #Ақтөбелік емші