Гүлзира Айдарбекова денсаулығына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Бүгін, 13:56 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты қайта ота жасау қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, бұған дейін Қырғызстанға барып, өтіндегі тасты алдырғанымен, кейін дәрігерлер өт қабының толыққанды жұмыс істемей тұрғанын анықтаған.

«Қырғызстанға барып, тасын алдық деп қуанып жүргенімде, дәрігерлер өт мүлде жұмыс істемей тұрғанын айтты. Сондықтан Қырғызстанға бармай-ақ, Қазақстанда өтті толық алдырған дұрыс екен. Енді қайтадан ота жасауға тура келеді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер соңғы уақытта ағасының сырқаттанып қалғанына қатты алаңдағанын да жасырмады. Оның айтуынша, жақынының жағдайы біршама жақсарған.

«Ағамның беті бері қарады. Өзім де уайымдап, мазам қашып жүрген еді. Аллаға шүкір, енді шаруаларыммен Шымкентке жолға шықтым. Алла баршаңызға, бауырларыңызға және отбасыларыңызға амандық берсін», – деді ол. 

Тэгтер:

әнші отбасы қайрат нұртас анасы