Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері 69 бала суға батып көз жұмды

Бүгін, 14:59 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы бері ел аумағында 69 бала суға батып қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған әрі арнайы жабдықталмаған су айдындарында тіркелген.

Осыған байланысты ІІМ ата-аналарды балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ азаматтарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу қажеттігі ескертілді.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері тыйым салынған жерлерде суға шомылғаны үшін 2700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құтқарушылар жазғы демалыс кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі екенін еске салды.

Тэгтер:

#Құтқарушылар #шомылу маусымы #суға бату # қайғылы оқиғалар # әкімшілік жауапкершілік