Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды

Бүгін, 14:35 / Ахмет Қанатұлы
gov.kz

Есет Байкен Ұлытау облысының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Есет Байкен кім?

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінде қаржы мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы және құқық салалары бойынша бакалавр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2008 жылғы желтоқсанда Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Алғашында инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарған.

2009-2010 жылдары аталған басқармада жетекші және бас маман қызметтерінде жұмыс істеді. Кейін құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөліміне ауысты.

2010-2013 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінде бас маман болды.

2013 жылы елорда әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. Сол жылдың тамызында Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

20162017 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігі хатшылығында сарапшы болып жұмыс істеді.

20172019 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

2019 жылғы ақпанда Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды.

Сол жылдың тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне кірісті.

2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы ақпанға дейін елорданың Сарыарқа ауданын басқарды.

2022 жылғы ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қала атауы Астана болып өзгергеннен кейін де осы қызметін жалғастырды.

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Астана әкімінің орынбасары болды.

Тэгтер:

әкім Ұлытау облысы Есет Байкен