Ресми: Әйгілі рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді

Бүгін, 15:30 / Ахмет Қанатұлы
Robyn Beck / AFP via Getty Images/ RESTRICTED TO EDITORIAL USE

Әлемге әйгілі америкалық рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді. Бұл ақпаратты қала әкімдігі мен қазақстандық концерт ұйымдастырушылар ресми түрде растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өнер иесінің Қазақстанға келетіні туралы ақпарат тараған еді. Алғаш болып бұл жаңалықты Канье Уэсттің менеджері әрі продюсері Джозеф Карре хабарлаған.

Алматы әкімдігінің өкілдері рэпердің концертін өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Қазақстандық First Media Group маркетингтік холдингі де әлеуметтік желідегі парақшасында концерттің ресми афишасын жариялады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Канье Уэст Қазақстанда тек Алматы қаласында өнер көрсетеді.

Концерт билеттері 20 шілде күні сағат 12:00-ден бастап сатылымға шығады.

Тэгтер:

Канье Уэст